Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
15 қарашада елдің батысында қатты жаңбыр жауады. Ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында мол жауын-шашын түседі: жаңбыр мен қар жауады.
"Ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.
Өңірлердегі ауа температурасы айтарлықтай ерекшеленеді: кей жерлерде аяз 18 градусқа дейін күшейсе, кей аймақтарда күндіз 15 градусқа дейін жылы болады.
- Батыста түнгі ауа температурасы +2…+8°С-тан +6…+11°С-қа дейін жоғарылайды. 16 қарашада −2…+3°С-қа дейін төмендейді. Күндіз +8…+13°С-тан +1…+8°С-қа дейін салқындайды.
- Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4…+9°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +10…+15°С-тан +5…+10°С-қа дейін төмендейді.
- Солтүстік-батыста түнде −3…+3°С болады. Күндіз ауа температурасы +2…+9°С-тан +4…+11°С-қа дейін жоғарылайды.
- Солтүстікте түнде −5…+2°С күтіледі. Күндіз ауа температурасы −2…+3°С-тан 0…+5°С-қа дейін көтеріледі. Павлодар облысында түнде −3…−8°С-қа, күндіз −2…+3°С-қа дейін төмендейді.
- Орталықта түнде 2–10 градус аяз, күндіз −3…+5°С болады.
- Шығыста түнгі ауа температурасы 1–8 градус аяздан 6–13 градус аязға дейін төмендейді. Күндіз −5…+3°С күтіледі.
- Оңтүстікте түнде −5…+3°С болады. Күндіз ауа температурасы +5…+12°С-тан +7…+15°С-қа дейін жоғарылайды.
- Оңтүстік-шығыста түнде аяз 1–6 градустан 5–10 градусқа дейін, таулы аудандарда 9–14 градустан 13–18 градусқа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +2…+10°С-тан +8°С-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда күндізгі аяз 1–6 градустан 3–8 градусқа дейін күшейеді.
Бүгінгі, 13 қарашадағы қолайсыз ауа райы туралы келесі сілтемеден оқуға болады.