Оралда перзентханада нәресте көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: pexels
Орал қаласындағы көпбейінді ауруханада босану кезінде нәресте шетінеп кетті. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туыстарының айтуынша, шақалақ толық мерзімінде, тірі туған. Олардың сөзінше, анасының қан қысымы жоғары болған, сонымен қатар қант диабетімен ауырған. Нәрестенің салмағы 5 келі болған. Осы қауіп факторларына қарамастан, дәрігерлер кесар тілігін жасаудан бас тартқан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, жәбірленуші тараптың уәждері тексеріліп жатыр.

"Тергеу барысы облыстық департамент пен прокуратура басшылығының бақылауында. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.

Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нәрестенің 22 қарашада өлі туғанын мәлімдеді.

Басқарманың дерегінше, жүкті әйел 16 қарашадан бастап қалалық көпбейінді аурухананың жүктілік патологиясы бөлімшесінде ем алған. Жүктіліктің 39 аптасы ілеспе аурулар мен бірқатар қауіп факторлары аясында өткен.

Пациент қажетті медициналық тексерулерден өтіп, дәрігерлер консилиумының шешімімен бақылауда болған.

22 қарашада табиғи жолмен босану басталған. Босану процесі акушер-гинеколог пен неонатологтың қатысуымен клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілген.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, босану асқынған кезде медициналық бригада шұғыл шаралар қабылдаған. Сағат 16:00-де өмір белгілері жоқ қыз бала дүниеге келген. Оған неонатолог реанимациялық көмек көрсеткенімен, нәрестені аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек