Шектеу 26 қараша сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар төрт жол учаскесінде күшіне енеді.
Ақтөбе облысында:
- "РФ шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау" автожолының 11–337-шақырымы (Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін);
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 24–108-шақырымы (Маржанбұлақ ауылынан Қобда ауылына дейін);
- "Ақтөбе – РФ шекарасы" автожолының 39–136-шақырымы (Ш. Қалдаяқов ауылынан Әлімбет өткізу пунктіне дейін).
Атырау облысында:
- "РФ шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау" автожолының 337–346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейін).
Жолдағы шектеулерді 27 қараша сағат 08:00-де алу жоспарланған.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады.