Қазақстанда иммигранттардың келгені туралы хабарлау қағидалары өзгерді

Фото: pexels
Ішкі істер министрі 2026 жылғы 23 қарашадағы бұйрығымен қабылдаушы тараптың иммигранттар туралы ақпарат беру тәртібіне өзгерістер енгізді. Өзгерістер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өту тәртібін де қамтиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың атауы өзгерді. Енді ол "Қабылдаушы тұлғалардың өздерінде болатын иммигранттар туралы ақпарат беру, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту қағидалары" деп аталады. Қағидалар жаңа редакцияда жазылды.

Жаңа редакцияға сәйкес, иммигрантқа тұратын орын берген қабылдаушы тұлға ол келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.

Хабарламаны үш тәсілдің бірімен беруге болады:

Иммигрант Қазақстандағы уақытша тұрғылықты жерін ауыстырса, қабылдаушы тұлға бұл туралы үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлайды.

Хабарламадағы мәліметтердің дұрыстығына және хабарламаның уақытылы берілуіне қабылдаушы тарап жауапты.

Қағидаларға сәйкес, иммигранттар Қазақстан аумағында шетел азаматтарының баруына ашық жерлерде еркін жүріп-тұра алады.

Қазақстан арқылы транзитпен өтетін иммигранттардың елге кіруі үшін Қазақстанның транзиттік визасы ресімделеді.

Үшінші елге кіруге жарамды құжаттары (визасы) бар шетел азаматтарына Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтуге бес тәуліктен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.

Шетел азаматы Қазақстан арқылы өз елімен визасыз кіру туралы келісім жасасқан мемлекетке бара жатса, Қазақстанның транзиттік визасын ресімдейді.

Бұйрық 2026 жылғы 7 желтоқсанда күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек