Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, емтихан Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан және Тараз қалаларында электронды форматта өтеді.
Өтініштер 2 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін қабылданады.
Өтініш беру үшін мына қадамдарды орындау қажет:
- Сайтқа тіркелу.
- "Өтініш беру" батырмасын басу.
- "Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ" бөлімін таңдау.
- "ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу" батырмасын басу.
Тестілеу төрт бөлімнен тұрады:
- Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут).
- Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут).
- Жазылым – 2 тапсырма (50 минут).
- Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестілеуге қатысушы әр бөлім бойынша белгіленген шекті балды жинауы керек.
"Тестілеу аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жазылым және айтылым бөлімдерінің нәтижелері қатысушының сайттағы жеке кабинетінде жарияланады", – делінген орталықтың хабарламасында.
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
Сурет: Telegram/uto92
Бұған дейін, 26 қарашада, Қазақстан азаматтығын алу үшін өткізілетін тестілеудің мерзімдері белгілі болған еді.