2026 жылғы 27 қараша күні таңертеңнен бастап елордада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Осыған байланысты Астана полициясы жүргізушілерге аса мұқият болуды, белгіленген жылдамдықты сақтауды және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстауды ескертті.
"Қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамаларына жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендетіп, күрт маневр жасаудан аулақ болуға кеңес береміз", – деп ескертті полиция өкілдері.
Полиция жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керегін атап өтті. Жолдан өтер кезде барлық көліктің толық тоқтағанына көз жеткізу қажет.