Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов мәслихат депутаттары сайлауына қатысып, дауыс берді.
Еске салайық, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді.
29 қарашада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді.