Жүкті екенін білмеген америкалық әйел қызды болды

Сурет: pixabay
22 жастағы Массачусетс штатының тұрғыны Кайла Фустаманте жүкті екенін босанар алдында ғана білген

Кайла жергілікті мейрамханада жұмыс істейді. Кеш бойы белі ауырып, мазасы қашқан соң жедел жәрдем шақырады. Ол аурухана дәлізінде жатып, "бүйрегімде тас бар" деп ойлаған. Бұл туралы 7news.com.au сайты жазды.

Ауырсыну күшейген соң жұмыста үзіліс алып отырдым. Сонда "бүйрегімде тас бар шығар" деп ойладым. Ал ауруханаға барар кезде ауру үдей түсті. Бос палата болмаған соң дәрігерлер мені дәлізде қарады. Олар без болуы мүмкін екенін айтты. Кейін УЗИ нәтижесін көргенде, дәрігер таң қалды.Кайла Фустаманте

Сәлден кейін басқа дәрігер Кайлаға жүктіліктің 38-аптасында екенін, сәбилі болатынын хабарлаған.

Өңім бозарып кетті. Мен жүкті екенімді білген жоқпын.Кайла Фустаманте

Сурет: 7news.com.au

Сол күні Кайла дені сау қызды дүниеге әкелді. Ол сәбиінің денсаулығына алаңдайтынын мойындады. Себебі достарымен бірге барларға барып жүрген. Дұрыс тамақтанбаған, өзін жүктімін деп ойламаған, белгілерін де байқамаған. Салмағының артуын макарон өнімдері мен нан жегеннен деп түсінген. Кайланың етеккір циклы тұрақты болмаған. Мамыр айында ол поликистозды аналық без синдромына жоспарлы скринингтен өткен.

Кейде етеккірсіз бір жылдың өтіп кетуі мен үшін қалыпты еді. Кайла Фустаманте
АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді