Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Сурет: Facebook/Дәурен Абаев
Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ресми түрде келісу рәсімдерінің барлығы тәмамдалған соң Азамат Сатыбалдының Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалғанын хабарлаймын. Отандық мәдениеттегі орны бөлек оқу ордасын басқаруда абырой мен сәттілік тілеймін! ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев

Азамат Сатыбалды 1977 жылы Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсті. 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрына дипломдық жұмысын қорғауға жолдама алды.

Еңбек жолын 2001 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан бастаған. Актер 20-ға жуық киноға түскен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға байланысты жекеменшіктің жер телімдері алынбақ

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы