Соңғы кездері көрінбей кеткен айтыс абызы Жүрсін Ерман көп алдына шықты

Сурет: Facebook/Аманжол Әлтай
Денсаулығына байланысты емделіп, көптен бері көрінбей кеткен айтыс абызы Жүрсін Ерман Торғай төрінде Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында төрелік етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратпен Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

"Тобыл - Торғай төрінде Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған Республикалық ақындар айтысы өтті. Алашты жырымен әлдилеген ардақты ақын ағаның сан қырлы тұлғасын ақындар өлең өрімімен өрнектей білді.Айтулы шараны “Айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағы” мен Қостанай облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырдық. Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін", делінген жазбада.


Сурет: Facebook/Аманжол Әлтай

Айта кетсек, пандемиядан соң денсаулығы сыр берген Жүрсін Ерман Швейцарияға шетелдегі құдасы әрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисустың шақыртуымен барып, емделіп қайтқан болатын

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты