Актер Шәріп Серікті фильмдерден алып тастап, полицейлер тергеуде

Сурет: Instagram/shakentii
Танымал қазақстандық актер Шәріп Серік атышулы видеодан кейін ірі медиакомпанияның қара тізіміне еніп, полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Salem Entertainment "Бизнесмендер", "Кеттік", "Көршілер" және басқа да фильмдерде ойнаған актермен серіктестігін тоқтатты.


"Соңғы оқиғаларға байланысты Salem Entertainment командасы актер Шәріп Серікті қара тізімге енгізу және барлық ынтымақтастықты толығымен тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта бұған дейін жарияланған "Шакал" жобалары мен "Қарға" сериалының үшінші маусымы тоқтатылды, сонымен қатар актер басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс "Meow" сериалының екінші маусымына түспейді.Сонымен қатар, "Патруль: Соңғы бұйрық" фильмінің командасы прокатқа дайындалып жатқан фильмнен Шәріп Серікке қатысты көріністерді алып тастау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Актермен барлық келісімшарттар бұзылды, деп қорытындылады медиакомпания.

Өз кезегінде Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі Әлия Бөтееваның әлеуметтік желідегі мәлімдемесі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның болған орны мен уақытын қоса алғанда, объективті мән-жайлар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Сәуірдің 3-і күні Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева жігіті Шәріп Серіктің өзіне қарсы қол көтергенін айтып, дәлел ретінде видео мен фотоны жариялады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды