Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген алдағы әлемдік турнесіне арналған жаңа промо-видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роликте қарқынды көріністер мен эмоциялық шиеленіс, сондай-ақ екі түрлі болмыстың тартысы бейнеленеді.

EGO |ALTER Who Am I?|Who Are You? — қысқа видео осындай жазумен жарияланған.

Ролик әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген пікір мен реакция жинады. Жарияланғаннан кейін небәрі 30 минут ішінде видеоға 2 мыңнан астам лайк басылып, жүздеген пікір жазылған.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің гуманитарлық миссиямен Бангладешке барғаннан кейін әлемге жасаған үндеуі желіде кеңрезонанс тудырған болатын. Өнер иесі мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды.

Қазақстандық әншінің әлемдік турнесі 2026 жылғы 18қазанда Польшадан басталады.

Қазақстан
Шоу-бизнес
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі