Павлодарда саяжайдағы өрттен кейін ер адамның денесі табылды

Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға «Надежда» саяжайында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов мәлім етті, деп жазады Pavlodarnews.kz.

«Надежда» бағбаншылық саяжай учаскесінде өртті сөндіріп болғаннан кейін қызметкерлеріміз саяжайды аралау кезінде түнгі сағат 3-те 1948 жылы туған азаматтың денесі табылды. Сондай-ақ басқа орыннан сырты жарылған және газ редукторының зақымдануы бар 27 литрлік 1 газ баллоны анықталды, - деді Қайрат Шаймарденов.

«Надежда» және «Восточный» бағбаншылығындағы ірі өрттің салдарынан 13 көшеде 327 учаске өртенді. Оның ішінде 94-і - жұмыс істеп тұрған бақша. Сондай-ақ осы саяжай аумақтарында 60 гектар аумақта құрғақ шөп жанды.

Еске салайық, аталған саяжайлар қаланың шығыс бөлігінде, Теміржолшылар ауылының жанында орналасқан. Мұндағы өрт туралы хабар 15 сәуір күні сағат 11:52-де түскен.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды