Ақбұлақта атыс шығарған Игорь Дужнов жазасын қай жерде өтейтіні белгілі болды

Сурет: скриншот
Бес адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейтін болды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы және 380-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған Игорь Дужнов Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда. Ол аралас күзет мекемесіне өткен жылдың қазан айында орналастырылды.

Республика аумағында барлығы 80 түзеу мекемесі жұмыс істейді, оның бірі – Қостанай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 түзеу мекемесі («Қара бүркіт.» – ред.) – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өткеруге бағытталған. Төтенше қауіпсіздік мекемесі Қостанай облысында, Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. ҚАЖ баспасөз қызметі

Сәуірдің 26-сы күні Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша сот аяқталды. Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, 2021 жылғы 20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданда 54 жастағы Игорь Дужнов атыс шығарды. Бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Кейін белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді