Ақтөбе облысында тас жолда болған жол апатынан үш адам қаза тапты

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
30 қазанда Қобда – Жиренқопа тас жолында жол апаты болып, екі жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының полицейлері ВАЗ-2110 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada Vesta көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді.

Екі жүргізуші де, жолаушы да алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

17 қазанда Павлодар облысындағы тас жолда жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Коряковка ауылының маңында Toyota Alphard көлігінің 73 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, шұңқырға аударылып кеткен.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты