Алматыда ұрлық саны азайды

Сурет: ҚР ІІМ
Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, өткен жылы қалта ұрлығы мен көлік салонынан ұрлық жасау азайған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық орындардағы ұрлық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 6,6 пайызға азайған.

Сонымен қатар қалта ұрлығы 2,0%-ға, көлік салонынан ұрлық жасау 63,6%-ға азайды. Жедел талдау көрсеткендей, автокөліктерден ұрлық жасау әйнекті сындыру, кілт таңдау, құлыпты бұзу және еркін кіру арқылы жасалады.

Сондай-ақ 2022 жылы пәтер тонау деректері бойынша 136 эпизодтан астам ұрлық жасағаны дәлелденген 33 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері тоқтатылған. Автокөліктердің құлпын бұзу, әйнекті сындыру және бөлшектеу арқылы ұрлықпен айналысқан 20 топ ұсталды.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда – сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда және басқа да орындарда жеке мүлікті ұрлаумен айналысқан 153 топтың әрекеті тоқтатылды.

Бұл ретте бөтеннің мүлкін ұрлаудың 638 дерегін жасағаны үшін кінәлі деп танылған 391 ұры ұсталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі