Астанада алты көлікті іліп кеткен КамАЗ жүргізушісі ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Астанада 7 сәуірде алты көлікті іліп кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан КамАЗ жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер іздестіру іс-шаралары барысында жүргізушіні кім екенін анықтады. Ол елорданың 60 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Оған қатысты 611 бап - "Көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жолдың және басқа да құрылғыларға немесе өзге де мүлікке зақым келтіруге әкеліп соққан, материалдық залал келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы" және  "Жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жерді жол қозғалысы ережелерін бұза отырып тастап кетуі" деген 610-бап бойынша бірден екі әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды", - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Астанада 7 сәуірде таңертең Камаз жүргізушісі Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай жүріп келе жатқанда жол шетінде тұрған алты көлікті іліп кеткен. Бірнеше метр жүргеннен кейін жүргізуші көліктен секіріп түсіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды