Елде қылмыстың денін жұмыссыздар жасайды

Сурет: Zakon.kz
Жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақырту түседі. Алайда зәбір көргендердің 60% полицияға арыз түсіруден бас тартады.

Өйткені, жәбірленушілер көбі агрессорға қаржылық және психологиялық тұрғыдан тәуелді. ІІМ берген мәліметіне сәйкес, қылмысқа баратындардың 80% жұмыссыз, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47 еш жерде жұмыс істемейді немесе еш жерде оқымайды. Адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50% мас күйінде жасайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында құқықбұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізбекші. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді. Жаңа өзгеріске сай, енді ерлі-зайыптыларға мәмілеге келу үшін сотта бір ғана мүмкіндік беріледі. Аталған өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енбек. Бұған қоса, енді жәбірленуші мен агрессорға қайта татуласу мүмкіндігі берілмейді.

"2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Оны орындау үшін министрлік құқық қолдану практикасы мен халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдау негізінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірледі." Ренат Зұлқайыров, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты