Зейнеткер балағат сөз айтқаны үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының аудандық соты базарда балағат сөздер айтқан зейнеткерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласының екі тұрғыны жергілікті базарда жанжалдасып қалған. Онда екі әйел де сатушы болып жұмыс істейді. YK-news басылымының жазуынша, саудагерлердің бірі екіншісін балағат сөздермен қарғаған.

Зейнеткерге қатысты полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Іс сотқа жіберілді. Кейін зейнеткер Шемонаиха аудандық сотына шақырылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Әйелге 12 075 теңге айыппұл салынды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында сот жергілікті тұрғынды үш тәулікке қамауға алған болатын. Ауыл тұрғыны аудандық ауруханада балағат сөздер айтып, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

7 наурызда Қазақстанда әдепсіз сөздер үшін жазаны қатайтатын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енді. Азаматтарға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды