Астанадағы түтіннен ыстанған сегіз адам дәрігерлер көмегіне жүгінген

Сурет: Zakon.kz
19 маусымнан бері елордадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай баратын айналма жол арасында қураған шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Кеше қаланы қалың түтін басты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Zakon.kz тілшісіне хабарлауынша, сегіз адамға ыс тиген, оның ішінде екі бала бар.

Басқарманың мәліметінше,19 маусым күнгі түтіннен кейін бас айналу және жүрек айну шағымдары бойынша алты ересек адам мен екі бала тіркелген. 

"Көмекке жүгінген науқастарда бас айналу, жүрек айну белгілері болды. Оларға амбулаториялық деңгейде уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қазір 14 жасар бала ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты".Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Сурет: Zakon.kz


Астанадағы өрт екінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті 20 маусым күні өртті сөндіруге Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Сурет: Zakon.kz

Төтеншеліктер 19 маусым күні кешкі 21-09-да өрт оқшауланғанын, өрттің жалпы ауданы 80 гектар болғанын, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлаған еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі