Мерекелік шарадағы оқыс оқиға: Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Сурет: Zakon.kz
30 тамызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев өңірде орын алған оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 25 тамызда Ұзынкөл ауданында Жастар күніне арналған мерекелік кеш кезінде 9 жасар қызды ток соқты.  

"Қазіргі уақытта қыз облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Біздің дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін барлық шараларды қабылдауда, - деп "Наша газета" өңірлік басылымы Мұхаметқалиевтың сөзін келтіреді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қосымша тексеру және кеңесу үшін бүгін, 30 тамызда Қостанайға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының екі маманы келіп жетті. 

Облыс әкімінің орынбасары іс-шараны аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша жеке кәсіпкер ұйымдастырғанын атап өтті. Осы факт бойынша полиция тергеу іс-шараларын қолға алды, оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар анықталатын болады.

"Бұған дейін облыс әкімі бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өткен болатын. Болған қайғылы жағдайға байланысты тиісті бақылаудың болмағаны үшін Ұзынкөл ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы лауазымдарынан босатылды, - деп сөзін түйіндеді Мұхаметқалиев.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты