Астанада оқушының баспалдақтан құлап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz
Астанадағы №14 мектеп-гимназияда оқушының бірі баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алған соң құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook желісінде мектеп басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, қазір мектепте оқу жылына дайындық сапасын анықтау мақсатында тексеру жүріп жатыр.

Динара Зәкиева қазір жарақат алған баланың жағдайы орташа ауырлықта екенін, жақсару тенденциясы бар, есін білетінін атап өтті. Баланың когнитивтік функциялары бұзылмаған, сұрақтарға жауап беріп, нұсқауларды орындай алады.

Астана полиция департаменті бұл қылмыстық іс бойынша әзірге ақпарат берген жоқ.

Бұған дейін Астанадағы №14 мектеп-гимназияда оқыс жағдай болды: оқушылардың бірі баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алды. Астананың білім басқармасы қыркүйектің 25-і күні таңертең баланы баспалдақтан сыныптасы итеріп жібергенде құлағанын хабарлаған. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр, комаға түскен жоқ. Астана қаласының Білім басқармасы елордадағы №14 мектеп-гимназиясында болған атышулы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, мектеп директоры жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды