1,5 млн теңге пара беріп жоғары оқу орнына түспек болған астаналық жігіт алаяққа алданып қалды

Сурет: Zakon.kz
ҰБТ-дан төмен балл жинаған Астана қаласының тұрғыны қандай жолмен болмасын оқуға түсуді ойлаған. "Мәселесін шешу үшін" 1,5 млн теңге берген ол алаяқтың құрығына түсіп, сан соғып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Ол балы төмен болып түсе алмай қалған оқу орнына кіру үшін пара бергенін мойындаған.  "Жоғары жақта танысым бар" деген бір жігіт оған 1,5 млн теңгеге оқуға түсіруге уәде еткен.

Ол студент атану үшін алдын ала 600 мың теңге төлеуге келіскен, алайда "жоғары жақта танысы бар адам" ақшаны алып, хабарсыз кеткен. Астаналық жігіт алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан.

Полицейлер күдікті ретінде 28 жастағы жігітті ұстады. Оның тағы бір осындай іске қатысы бар екені анықталды.бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады