Бренд зергерлік бұйымдар контрабандасы: Астанада әйел адам мен кеденші ұсталды

Сурет: unsplash
Астана әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдар тасымалының жолы кесілді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды", деп мәлімдеді", – ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, бренд зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңге болған.

Сонымен қатар бұл азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.

"Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде".Әлібек Әбділов

 ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.


Түркия
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді