Үздіксіз жауған қар, ақ түтек боран Алматы әуежайының жұмысын кілт тоқтатты

Сурет: pixabay
Алматыда қар жауып, ақтүтек боранның тұруына байланысты әуежайдан ұшақтар көкке көтерілмей, ұшулар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайының ақпараты бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай жатыр.

"Метеожағдайлар жақсарғанға дейін Алматыдан ұшақтардың ұшуы тоқтатылды. Сондай-ақ, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-ден бастап Алматы әуежайы ұшып келетін ұшақтарды да қабылдамайтынын хабарлаймыз. Алматы халықаралық әуежайы ауа райы жағдайы жақсарған бойда өз қызметін қайта бастайды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы үздіксіз қардың жаууына байланысты жолдарда 11 балдық көлік кептелісі орын алғаны хабарланған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады