Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдар қайықпен эвакуациялана бастады

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
ҚР ТЖМ 5 маусымда Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының тұрғындарын қайықпен эвакуациялап жатқан сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство тас жолды су шайып кеткенін нақтылады.

"25 мамырдан бастап құтқарушылар күшімен Талдыкөл ауылының тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 2 206 адам, оның ішінде 197 бала тасымалданды. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтарына "Шерп" арнайы техникасымен азық-түлік жеткізіліп жатыр", делінген хабарламада. 


Халықты тасымалдау таңғы 08:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жүзеге асырылғаны еске салынады.

"Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің төмендеуі байқалады, бүгінгі таңда су деңгейі 1004 см. Талдыкөл ауылында тұрғын үйлер мен нысандарды су басу фактілері жоқ. Атырау қаласындағы эвакопунктте орналасқан тұрғындар өз үйлеріне ішінара оралуда", деп хабарлайды ТЖМ.

Айта кетсек, алдында Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылында салынған бөгеттің шеті су ағысының қатты болуына байланысты үгітілгені, оған нығайту жұмыстары жүргізілгені, қазір жағдай тұрақты екені хабарланған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді