Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады,- деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 650 млн теңгеден асады.

Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Ал, Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған.

Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан.

"Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады",- делінген хабарламада. 

Бұған дейін Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы жаңадан тағайындалғаны хабарланды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды