Жұмбақ өліммен көз жұмған жас астаналықтың ісі туралы полиция тың ақпаратпен бөлісті

Фото: pxhere
Астанада мәйіті көпқабатты үйдің маңынан табылған 19 жастағы жігіттің қазасына байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" мәліметінше, полиция департаменті күдіктілер ұсталғанын және қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

13 қазанда марқұмның анасы төрт ер адамның ұлын өлтіріп, денесін тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін айтып, президентке үндеу жолдаған болатын. Ол кінәлілер жауапсыз қала ма деп алаңдаулы.

Бүгінле полиция қызметкерлері көз жұмған адамның жеке басын анықтады. Алматы аудандық полиция басқармасы кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Хромтаудағы жоғалған қазақстандықтың бөлшектенген күйі "бөтелкелесінің" мұздатқышында табылғандығы хабарланды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді