"Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын": Сүйіктісіне гүл ұрлап барған жігіт ұсталды

Фото: Zakon.kz
Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы романтикалық оқиға күтілмеген жағдаймен аяқталды. Қаланың бір ауданында гүл сататын дүкен иесі тәртіп сақшыларына жүгініп, құнды гүл шоғының ұрланғаны туралы шағымданды.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу гүл жеткізушінің Hyundai Elantra көлігінің ішіне еркін кіріп, бағалы екі гүл шоғын алып кеткен.

Ұрлық кезінде көлік есігі ашық күйінде қалған. Шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Полиция жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктіні анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Ер адам бұл әрекетін толық мойындап, гүлдерді сүйіктісімен татуласу үшін ұрлағанын айтты.

Оның айтуынша, олар ұрысып қалған, ал кешірім сұрау үшін гүл сыйламақ болған, бірақ ақша тапшылығы осындай әрекетке итермелеген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты