Алматыда полиция тағы бір тонаудың бетін ашты

Фото: Zakon.kz
Бұл жолы екі адам ұсталды. Олар кешке қарай Мыңбаев көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде жергілікті тұрғынды күтіп тұрып, күш көрсетем деп қорқытып, оның телефонын тартып алған.
"Бұл қылмысты біздің бөлімше мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері "ізін суытпай" ашты. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды. Олардың бірі бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған. Айтпақшы, бұл жолы да бейнебақылау камералары қылмысты ашуда жақсы рөл атқарды. Адамды тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі