Денсаулық сақтау министрлігі осы саладағы алаяқтыққа байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды скринингтік зерттеп-қарауларға шақырумен байланысты алаяқтық жағдайлар жиілеп тұрғанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, қаскөйлер медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, СМС-тен кодты жазып, скринингтік жазбаны растауды сұрайды.

"Ешқандай мемлекеттік медициналық мекемелер СМС код арқылы жазбаны растауды талап етпейтінін атап өтеміз. Мұндай кодтар, әдетте, цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады және оларды үшінші тұлғаларға мүлдем беруге болмайды". ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Бас прокуратура фейк пен жалған медиа контентті тарату фактілері жиілеп тұрғанын ескерткен.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады