"Қарасора – 2025" ЖПІШ: Жетісу облысында пошта жөнелтілімдері тексерілді

Фото: Zakon.kz
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының мамандары бірлесіп, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде тексеру жүргізді.

Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен келген және жөнелтілетін пошта сәлемдемелері мұқият қаралып, тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты — пошта арқылы есірткі тасымалдауға тосқауыл қою ғана емес, сондай-ақ азаматтарды есірткі айналымына қатысудың құқықтық және әлеуметтік салдарынан хабардар ету.

Түсіндіру жұмыстары барысында пошта қызметкерлері мен тұрғындарға есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және тарату әрекеттері үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік жөнінде кеңінен мәлімет берілді.

"Қарасора-2025" іс-шарасы шеңберіндегі мұндай алдын алу жұмыстары өңірдегі өзге де мекемелерде, көлік қатынасы орындарында және қоғамдық кеңістіктерде жалғасын табатын болады.

Полицейлер әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін ұмытпауы керектігін ескертеді. Қоғамдық қауіпсіздіктің негізі – әрбір адамның сергектігі мен құқық қорғау органдарымен өзара сенімді ынтымақтастығында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді