Алматы облысындағы тікұшақ апаты: Сорбұлақтың түбінен екінші адамның денесі табылды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
EC-145 тікұшағы құлаған аймақта, 2025 жылы 10 тамызда екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тікұшақ апатынан қаза тапқан екінші ұшақтың денесін мамандар Сорбұлақ көлінің түбінен алып шықты.

"Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр", делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 9 тамызда Қазақстанда тікұшақ апатын іздестіру-құтқару операциясы кезінде шамамен 14 метр тереңдіктен әуе кемесінің бөлігі мен бір адамның мәйіті табылғаны белгілі.

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қарулы күштердің Әуе қорғаныс күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радарлардан жоғалып кеткен. Кейінірек ТЖМ жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары неге ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты