Автокөлік, ақша және бағалы сыйлықтар ұтысы: Астанада блогер Ерболат Жаңабыловтың ісі бойынша сот басталды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 5 қыркүйекте Астанадағы Мамандандырылған ауданаралық сотта блогер Ерболат Жаңабыловқа қатысты заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша іс қарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, Ерболат Жаңабылов Instagram-дағы "zhanabylov_e" аккаунты арқылы автокөлік, ақша және бағалы сыйлықтар ұтысын өткізген. Бұл әрекеттер заңсыз лотерея ретінде бағаланған. Қатысу үшін жазылушылар "Zhana Busunes" ЖШС-нің "оқыту курстарына" деп 30 мың теңгеден төлеген.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Сот офлайн форматта өтіп жатыр. Оған Ерболат Жаңабыловтың өзі де сот залынан қатысуда. Бұған дейін ол онлайн қосылады деп хабарланған болатын.

Оның адвокаты Олег Черновтың айтуынша, бұл – әкімшілік құқықбұзушылықтар санатына жататын іс, сондықтан тез қаралуы мүмкін.

"Кейде бір отырыста немесе екі-үш отырыста шешім шығады. Бәлкім, бүгін шешім шығуы мүмкін. Бірақ біз дайындаған өтініштерді ескерсек, сот оларды қосымша зерделеуі қажет болады. Дәлелдерді толық зерттемей, шешім қабылдау мүмкін емес", – деді қорғаушы.

Еске салсақ, 2025 жылы 24 тамызда Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желіде бағалы сыйлықтар ұтысын өткізетін жоғарыда аталған блогерлердің лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді бастағаны белгілі болды.

Бұған дейін сенатор Геннадий Шиповскихтің блогерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді