Астаналық құтқарушылар жеделсатыда қалып қойған 9 адамды босатты

Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылғы 11 қыркүйекте елордалық 112 қызметіне Сарыарқа ауданындағы Н.Тілендиев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің 1-қабатында лифтте адамдар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 9 адамды босатты.

Оқиға сәтті аяқталып, өтініш берушілерге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ кез келген төтенше жағдайларға байланысты қиын жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Бұған дейін Семейде кәріз құдығында тұншыққан екі жұмысшыны тұрғындар аман алып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда