Қарағанды облысында дизель отынын ұрлау әрекеті әшкереленді

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Арнайы операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және көліктегі полиция департаментінің Қарағанды — Сұрыптау желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталды. 17 күдікті қолға түсіп, олардың заңсыз әрекеттеріне қатыстылығы тексерілуде.

Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелген атыс қаруы, 26 дана оқ-дәрі, 7 телефон және есірткі заттары тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ҚР Атом энергиясы Агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті туралы ереже бекітілді

Ұлттық банк инфляцияны 5 пайызға дейін төмендету үшін барлық шараны қабылдап көруде - Тимур Сүлейменов

Бір әулеттің 20 мүшесі сирек кездесетін генетикалық аурудан қайтыс болды