Карағанды облысындағы тірек пунктінің полицейі сауығып келеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Карағанды қаласы Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінің учаскелік инспекторының жағдайы енді аса ауыр емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 30 қыркүйек күні кешке жария болды. Сол күні аға учаскелік инспектор полиция тірек пунктіне жұмысқа келгенде, диванда өлім белгілерімен жатқан жалаңаш қызды тауып алған. Ал әріптесі – полиция майоры басқа бөлмеде жұмыс үстелінің жанында ес-түссіз жатқан.

"Патриот" Telegram-арнасы, майордың хәлі аса ауыр күйден шығарылғанын жазды.


"36 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Бірақ аса ауыр емес. Жақсару динамикасы бар", – деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Егер полиция майорының емі сәтті аяқталса, ауруханадан шыққаннан кейін оны тергеуші күтіп тұр. Ол 23 жастағы Эльмираның өліміне байланысты қылмыстық іс аясында жауапқа тартылады. Белгілі болғандай, марқұмның артында анасы мен күн сайын анасын іздейтін төрт жасар баласы қалған.

Эльмираның туыстары өлімнің нақты себебін білу үшін химика-токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтуде.

"Эльмира жұмыс істемеген. Баласын тәрбиелеп отырған. Полиция қызметкерін бұрыннан білетін", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда үшінші қабаттан секіріп кеткен сарбаздың денсаулығына қатысты тың мәлімет жарияланғанын жазған болатынбыз.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды