Алматыда полиция есірткі бар дәрілердің заңсыз айналымын анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттардың заңды айналымына бақылауды күшейту мақсатында республикалық "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барысында полиция қызметкерлері уәкілетті бақылау органдарымен бірлесіп, мемлекет бақылауындағы дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және босату тәртібін бұзу деректерін анықтады.

Нәтижесінде бірнеше дәріхана мен медициналық ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал күшті әсер ететін препараттарды сақтау ережесін өрескел бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тексеру кезінде құрамында есірткі және психотроптық заттар бар, сондай-ақ оларды дайындауға пайдаланылатын прекурсорлар заңсыз айналымнан тәркіленді.

"Мұндай тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі. Мақсат – жазалау емес, медициналық мақсаттағы дәрілердің көлеңкелі айналымға түсуіне жол бермеу. Дәрілік заттардың заңды айналымын бақылау – нашақорлықтың алдын алудағы негізгі тетік", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция дәріханалар мен медициналық ұйымдардың басшыларын мемлекет бақылауындағы дәрілерді сақтау және есепке алу ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Ведомство бұл бағыттағы тексеру жұмыстарының жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі