Астанада полицейлер ірі көлемде қарызы бар борышкерді анықтады

Фото: Zakon.kz
Түскі уақытта Қабанбай батыр көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатты.

Көлік тізгінінде 45 жастағы қала тұрғыны болған. Автокөлікті "Қорғау" деректер базасы арқылы тексеру кезінде азаматтың атына ірі көлемде берешек жинақталғаны, сондай-ақ көлік құралына жеке сот орындаушылары тарапынан ресми тыйым салынғаны белгілі болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тыйым салынған көлікті басқару фактісі бойынша материалдар жиналып, автокөлік арнайы коммуналдық айып тұрағына жеткізілді.

Заманауи мониторинг жүйелері, автоматтандырылған деректер базалары және патрульдік бақылаудың күшеюі құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және тиісті шаралар қолдануға үлкен мүмкіндік береді.

Бұл азаматтардың өз міндеттемелерін орындауына, сондай-ақ жолдағы жалпы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Полицейлер қарыздары бар көліктерді анықтау шаралары тұрақты түрде жүргізілетінін, ал тыйым салынған автокөліктерді басқару — ауыр құқық бұзушылық болып саналатынын еске салады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады