Оңтүстік Қазақстандағы өрттен 9 бала қаза тапты: олар туралы не белгілі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан облысы Жетісай ауданы прокуратурасы 2025 жылғы 18 қараша күні таңертең болған қайғылы өрттің кейбір егжей-тегжейін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Алғабас ауылында отбасы бір күн бұрын "сүндет той" жасаған.

"Бастапқыда мереке мейрамханада өткен, одан кейін туыстар оны үйде жалғастыруды ұйғарған. Таңертең үйден өрт шығып, шатыр құлаған", – деп хабарлады "Еуразия Бірінші" арнасы.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар бір отбасының бүлдіршіндері, олардың әкелері – туған ағайынды бауырлар.

Жалпы өрттен 12 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз бала 2004, 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған.

Қазақстандағы Балалардың құқықтары бойынша уәкілетті Динара Закиева өрт кезінде үйде екі отбасы болғанын хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерден үшеуі – екі ересек, бірі бала – емдеу мекемелеріне жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Пациенттерге толық интенсивті терапия жүргізіліп, олардың жағдайы профильдік мамандардың бақылауында.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды