Астанада эпидахуал ушығып, санитарлық дәрігер бірқатар шектеулер енгізілгенін жариялады

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева қаладағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың айтарлықтай артуына байланысты санитариялық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті қаулы мәтіні 19 қарашада жарияланды.

Қаулыға сәйкес, соңғы 45-ші аптада қалада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелді, 44-ші аптамен (2025 жылғы 30 қазан мен 5 қараша аралығы) салыстырғанда сырқаттанушылық 1,5 есе артқан (14 994 жағдай). 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60% құрады (14 018 жағдай). Мектеп оқушылары арасындағы сырқаттанушылық жалпы сырқаттанғандардың 25% құрады (5 752 жағдай) және өткен аптамен салыстырғанда 1,1 есе артқан, әсіресе 1-4 сыныптарда (30% және одан жоғары). Зертханалық мониторинг барысында ЖРВИ мен тұмаумен ауыратын пациенттерден алынған 285 сынама зерттелді. Жалпы алғанда, 116 сынама оң нәтиже көрсетті, оның ішінде тұмау вирусы A(H3N2) - 116 сынама, COVID-19 бойынша алты жағдай анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында A(H3N2) тұмауы 26 жағдай немесе 22%-ды құрайды.

ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың артуына байланысты мынандай іс-шараларды атқару міндеттелді:

Мектептер қашықтан оқыту форматына көшіріле алады. Сыныптағы оқушылар санының 30% және одан да көбі ЖРВИ-мен сырқаттану тіркелген жағдайда оларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру керек болады. Бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың жалпы санының 20–30%-ында ЖРВИ жағдайлары тіркелген кезде жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі жойылады және он күнтізбелік күн бойы сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады.

Сондай-ақ әр ауысым алдында "таңғы сүзгіні" жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтау міндеттеледі.

Санитариялық-індетке қарсы іс-шаралар міндеті қаладағы эпидахуал тұрақтағанға дейін сақталады.

Бұған дейін Астанада эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткені хабарланған.

COVID-19
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды