Елордада анонимді мессенджер арқылы есірткі таратқан адам қолға түсті

Фото: Zakon.kz
"Цифрлық сату" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктінің күртешесінің оң жақ қалтасынан өзіне тән иісі бар, сары түсті полимерлі пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесі бойынша бұл зат – гашиш майы екені анықталды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту барысында құқық қорғау органдары марихуана салынған шамамен 300 ораманы, сондай-ақ гашиш майы мен каннабис шайырын анықтап, тәркіледі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам тыйым салынған заттарды анонимді мессенджер арқылы сату жөніндегі нұсқауларды алып, "есірткі таратушы" рөлін атқарған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың өзі де есірткі заттарын қолданғаны белгілі болды.

Полиция есірткі заттарын сату және тарату ауыр қылмыс болып саналып, қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды