Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысқан күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны марихуана есірткі затын сату кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы жасағы қызметкерлерімен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны марихуана есірткі затын сату кезінде ұсталды.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында 2 полиэтилен қаптамасына салынған 6 қағаз қиындысына оралған, сондай-ақ 300-ден астам сіріңке қорабына салынған жалпы салмағы 800 грамнан аса өзіне тән ерекше иісі бар кептірілген шөп тектес заттар табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Сонымен қатар үйдің жатын бөлмесінен тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы және 21 гильза тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды