Теміртау тағы да жылусыз қалды

Фото: freepik
Теміртауда 14 қаңтарға қараған түні диаметрі 400 мм құбыр жарылып, 40 көпқабатты үй, бірнеше мектеп пен балабақша, шіркеу жылусыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте, өңірде сары аяз бен екпінді жел салдарынан дауылды ескерту жарияланған. Аймақ тұрғындары КТК тілшісіне пәтерлердегі температура 16 градусқа дейін күрт төмендегенін айтқан.

Төтенше жағдайлар бригадалары жедел жөндеуге кірісіп, түскі ас кезінде жылу толығымен қалпына келтірілді. Қала әкімдігі жарылған құбырдың әбден тозығы жеткенін айтып, 50 жылдан бері жөндеу көрмегенін атап өтті. 2025 жылдың жазында 7 млрд теңгеге 31 км жылыту желілері жаңартылған. Дегенмен, сыни тозған учаскелер әлі де көп.

"Өткен жылы бұл учаскеде алты апат болды. Жазда бір шақырымды ауыстырдық, тек 120 м қалған. болатын. Түндегі апат та осы қалған учаскеде орын алған. Осы жазда оны толығымен ауыстыру жоспарлануда. Бұл жоспарымызда болған",- деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков.

Бұған дейін Атырау қаласында мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқытуға көшетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті