Шымкентте полиция 1,2 млн теңгенің ұрлығын әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері пәтер ұрлықтарына қатысы бар күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің пәтер иелері үйде болмаған сәтті пайдаланып, тұрғын үйлерге кіріп, мүліктерді ұрлағаны анықталды.

Ұрланған заттардың қатарында ақша, алтын бұйымдар, жеке заттар және өзге де бағалы заттар болған.

Эпизодтардың бірінде күдікті пәтерден косметика, әшекей бұйымдар, киім-кешек пен кітаптарды алып кеткен. Қазіргі таңда оның төрт пәтер ұрлығына қатысы бары белгілі болды.

Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,2 миллион теңгеден асады.

Аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас жайттарға қатысы болуы мүмкін. Полиция азаматтарды кез келген жағдайға сақ болуға шақырады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жаңа базар ашылады

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды