Жетісу облысында интернет-таныстық арқылы бопсалаумен айналысқан Талдықорған қаласының 9 тұрғыны сотталды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысының прокуратурасы сотта ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым мен бопсалау әдістерін қолдана отырып қылмыс жасаған адамдар тобының кінәсін дәлелдеді.

2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңір аумағында азаматтарды бопсалаумен айналысқан топ әрекет еткен. Қаскүнемдер әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаулармен оларды өз үйлеріне шақырған.

Қылмыстық схема психологиялық қысым мен манипуляцияға негізделіп, жәбірленушілерді жалған түрде "зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз" деп қорқыту арқылы жүзеге асырылған. "Мәселені реттеу" үшін олардан ірі көлемде ақша талап еткен. Азаматтар алдын ала бөлінген рөлдер бойынша әрекет еткен адамдар тарапынан қатты қысымға ұшыраған.

Құқыққа қайшы жүйе анықталғаннан кейін аталған тұлғалар ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тағылған айыптың негізділігін дәлелдеп, ұсынылған дәлелдемелерге құқықтық баға берді.

2026 жылғы 30 қаңтарда Талдықорған қалалық сотының үкімімен аталған адамдар ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) және 3)тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды