ШҚО-да жеке үй аумағынан аса ірі мөлшердегі марихуана табылды

Фото: Zakon.kz
Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан аумағында есірткі заттарының заңсыз сақталуы туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жер үй мен оның іргелес аумағын тексеру кезінде шаруашылық құрылыстарының бірінен жасырын орын анықталды.

Полиция қызметкерлері бастырма астындағы ас үй орындығының ішінен үш полимерлі пакетті тапқан. Пакеттердің ішінде ерекше иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.

Сонымен қатар басқа үй-жайдан есірткі шегуге арналған құрылғылар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — жалпы салмағы 1,7 келіден асатын кептірілген марихуана екені белгілі болды. Бұл көрсеткіш есірткі заттарының аса ірі мөлшеріне жатады.

Полиция қызметкерлері азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Егер сізге есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы фактілер белгілі болса, дереу "102" нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін