Қазақстанның тағы бір әуе компаниясы Дубайға рейстерді тоқтатты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"FlyArystan" АҚ-ның ( "Air Astana" АҚ-ның еншілес компаниясы) баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 наурызда жолаушыларына маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания мәліметінше, Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен өңірде енгізілген шектеулерге байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгерістер енгізілген.

"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылады. Бұған дейін рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалып келген", – деп хабарлады "FlyArystan" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ компания өкілдері рейстері тоқтатылған жолаушыларға билетті сатып алған жері бойынша айыппұлсыз толық қайтарым берілетінін немесе кейінгі күндерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылатынын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы да Дубайға барлық рейстерін тоқтатқан болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі