Алматыда ауа температурасы +29°С-қа дейін көтеріледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылдың сәуір айының басында Алматы қаласында нағыз жазғы ауа райы орнайды. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы +29°С-қа дейін жылынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің өзге ірі қалаларында да күн жылы болады. Шымкент қаласында ауа температурасы +30°С-қа дейін көтеріледі. Алайда кейін жаңбыр жауып, сәл салқындайды. Ал Астана қаласында жауын-шашын күтіледі, күндізгі ауа температурасы +22°С шамасында болады.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы:

2 сәуір: ауыспалы бұлтты, түнде +2°С, күндіз +18…+20°С

3 сәуір: ауыспалы бұлтты, әлсіз жел, түнде +2…+4°С, күндіз +19…+21°С

4 сәуір: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, жел екпіні 14 м/с дейін, түнде +6…+8°С, күндіз +20…+22°С

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы:

2 сәуір: ауыспалы бұлтты, түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С

3 сәуір: ауыспалы бұлтты, түнде +12…+14°С, күндіз +26…+28°С

4 сәуір: ауыспалы бұлтты, түнде +13…+15°С, күндіз +27…+29°С

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы:

2 сәуір: ауыспалы бұлтты, жел 7–12 м/с, түнде +13…+15°С, күндіз +28…+30°С

3 сәуір: ауыспалы бұлтты, күн соңында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел 13 м/с, түнде +14…+16°С, күндіз +25…+27°С

4 сәуір: ауыспалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, жел 20 м/с дейін, түнде +13…+15°С, күндіз +19…+21°С

Айта кетейік, көрсетілген ауа райы болжамы алдын ала мәлімет болып табылады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін