"Таза Қазақстан": полиция үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төгу мен сұйық қалдықтарды ағызудың жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Акция басталғалы бері 4 мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. 722 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 227 мыңнан астамы қоғамдық орындарды ластау, ал 496 мыңға жуығы абаттандыру қағидаларын бұзу.

Нәтижесінде үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке лауазымды тұлғалар, оның ішінде әкімдіктер мен коммуналдық қызмет өкілдері де тартылды. Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында туристік аймақтарды тұрмыстық қоқыстан тазарту бойынша ауқымды акция өтті.

Іс-шараға полициямен бірге еріктілер және эко-белсенділер қатысты. Нәтижесінде үш тоннадан астам қалдық шығарылды. Сонымен қатар халықпен және ұйым өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоқысты шығару және жинау ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылды.

"Қоршаған ортаның тазалығы тек бақылауға ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне де байланысты", – деді ІІМ өкілдері.
Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі